«Қ.Сәтпаев әйгілі геолог, профессор, ғылым докторының туғанына 125 жыл» әдеби поэзиялық кеші

11.04.2024

2024 жылы 11 сәуір күні Қ.И.Сәтбаев – алгебрадан мектеп оқулығының алғашқы құрастырушысы, тұңғыш кәсіби тау-кен инженері, ғалым-геолог, Қазақстан Ғылым академиясының негізін қалаушы және тұңғыш президенті, Қазақстандағы алғашқы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еліміздегі ғылымның негізін салушылардың бірі, мемлекет және қоғам қайраткерінің туғанына 125 жыл толуына орай, «Ж.Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығ колледжі» КМҚК-да қазақ тілі мен әдебиеті пәндері оқытушылары «Қ.Сәтпаев әйгілі геолог, профессор, ғылым докторының туғанына 125 жыл» әдеби поэзиялық кеші өткізілді.

Іс шараның мақсаты – қазақтың тұңғыш геологы, академик, қазақ металлогения мектебінің негізін қалаушы Қ.И. Сәтбаевтың ғылыми мұрасын насихаттау және сақтау, ел дамуына елеулі үлес қосқан ғалымның әйгілі тұлғасына оқырмандар назарын аудару.

Ғалымның туғанына 125 жыл толуына орай биыл қазақ тілі оқытушылары студенттермен Қ.И. Сәтбаев туралы тың деректермен бөлісті. Ал, білім алушылар оқу орнында академиктің өмір жолы мен еңбектерін кеңінен насихаттауға кірісті.



Текст
Виртуальная приемная